Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2022 жылғы 1 наурызда ШҚО кәсіптік білім беру орталығы ІТ бағытындағы оқытушылардың облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Өскемен жоғары политехникалық колледжімен бірлесіп ІТ пәндері бойынша колледж оқытушылары мен студенттері үшін «Guru IT» облыстық конкурсын өткізді. Конкурстың мақсаты - студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту, оларды оқытуда ақпараттық технологияларды белсенді пайдалануға тарту. Байқау 3 кезеңде өтті:

1-кезең: онлайн режимде конкурс регламенті бойынша ұйымдастыру - техникалық кеңесі;

2-кезең: әрбір қатысушыны МyТestХ бағдарламасында серверге қашықтан қосылу бойынша тестілеу (іріктеу);

3-кезең: компьютерді құрастыру және оған операциялық жүйені қашықтан қосылу негізінде эмуляторға орнату.

Байқау қорытындысы бойынша І орынды Алтай жоғары колледжінің командасы иеленді, қатысушы Кунгурцев Илья, тәлімгер Самойлова Светлана Геннадьевна;

ІІ орын - Құмаш Нұрғалиев атындағы жоғары колледжінің «Мышеловка» командасы, қатысушы Зеленкин Константин, тәлімгер Литвинова Ольга Юрьевна;

ІІІ орын - Геологиялық барлау колледжінің «Алға» командасы, қатысушы Бахперов Ерхан, тәлімгер Аманғалиев Дастан Аманғалиұлы және «Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ» КеАҚ жоғары IT колледжінің «ПрофИТ» командасы, қатысушы Васильев Владимир, тәлімгер Корунова Анастасия Александровна.

«Guru IT» атағын Алтай жоғары колледжінің оқытушысы Светлана Геннадьевна Самойлова иеленді! Құттықтаймыз!!!