«Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» біліктілігі бойынша ерекше білім беруді қажет ететін студенттер арасындағы облыстық кәсіби шеберлік байқауының қорытындысы
ШҚО кәсіптік білім беру орталығы қызмет көрсету және сервис саласы бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Өскемен қызмет көрсету саласы колледжімен бірлесіп, 2021 жылғы 24 желтоқсанда ««Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» біліктілігі бойынша ерекше білім беруді қажет ететін студенттер арасындағы облыстық кәсіби шеберлік байқауының қорытындысын шығарды.
Байқаудың мақсаты – сәнгер-пішуші мамандығы бойынша үздіктерді анықтау, ерекше білім алуды қажет ететін білім алушыларға қолдауды қамтамасыз ету.
Байқау 2 кезең бойынша өткізілді:
- «Шығармашылық шеберхана»;
- «Шебер-алтын қолдар».
Бірінші кезеңде білім алушылар А4 форматындағы геометриялық фигуралардан динамикалық композиция бойынша аппликация жасады. Екінші кезеңде монофиялық габардиннен жасалған жартылай іргелес силуэттің көкірекшесін дайындады.
Байқау қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:
І орын - Урюмцева Анастасия Владимировна (Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі);
ІІ орын - Норлогоянова Юлия Андреевна (Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі); Дауленбекова Аяужан (Өскемен көпсалалы колледжі);
ІІІ орын - Епанчинцева Кристина Романовна (Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі); Дауленбекова Аружан (Өскемен көпсалалы колледжі).
Өскемен көпсалалы колледжінің студенті Ержан Гүлсана «Жұмысына шығармашылық ізденісі үшін» номинациясына ие болды.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!