Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ағымдағы жылдың 30 қарашасында ШҚО кәсіптік білім беру орталығы ауыл шарушалығы бағытындағы облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжімен бірлесіп,           «Ветеринария» мамандығы бойынша білім алатын ШҚО ТжКБ жүйесінің ауыл шаруашылығы бағытындағы оқу орындарының студенттері арасында  «VetPro» облыстық кәсіби шеберлік байқауын өткізді.

Мақсаты - кәсіби шеберлік деңгейін анықтау, білім алушылардың таңдаған мамандығына қызығушылығын арттыру, оларды қолдау және көтермелеу.

Байқау форматы келесі тапсырмаларды орындауды қарастырды: видеопрезентацияда өндірістік-технологиялық тәжірибеде студент жұмысын көрсету, ірі қара малдың туберкулинизациясын жүргізу техникасын, ұсақ мал тамырынан қан алу техникасын және жануарлардың денесіне дәрілік заттарды енгізу әдістері.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орын иегерлері анықталды:

1 орын – Слам Рүстем (Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі); 

2 орын – Толешов Асқарбек Ардақұлы (Қазтұтынуодағы агробизнес  және экономика колледжі);

3 орын – Камилжанов Жанқабыл Нұржанұлы (Шәкәрім жоғары колледжі).

Барлық жеңімпаздарға ШҚО кәсіптік білім беру орталығының дипломдары табысталды.