Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде ШҚО кәсіптік білім беру орталығы облыстық ауыл шаруашылығы бағытындағы әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспарына сәйкес Шәкәрім жоғары колледжімен бірлесіп ШҚО ТжКБ жүйесінің ауыл шаруашылығы бағытындағы оқу орындарының студенттері арасында облыстық конкурс өткізді.
Мақсаты – «Ветеринария» мамандығы бойынша оқитын студенттердің кәсіби шеберлігін дамыту, шығармашылық байланыстар орнату, тәжірибе алмасу.
Конкурс форматы 4 модуль бойынша тапсырмаларды орындауды қарастырды: Үй тапсырмасы «Ірі қара мал фермасында бруцеллезді жою бойынша іс-шаралар жоспарын құру» презентациясы; «Жедел хирургия» пәні бойынша мысықтарды стерилизациялау; «Фармакология» пәні бойынша жануарлардан қан алу техникасын көрсету; «Эпизоотология және микробиология» пәні бойынша ірі қара малды сібір жарасына қарсы иммунизациялау».
Конкурс қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды:
1 орын – Тайбазарова Татьяна Борисовна; Антропова Кристина Игоревна (Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі);
2 орын – Шарипханов Асхат Сайлаубекұлы (Тарбағатай колледжі); Манарқызы Жансая (Қазтұтынуодағы агробизнес және экономика колледжі);
3 орын – Ракишов Арман Павелұлы (Зайсан технологиялық колледжі); Үсен Біржан (Жарма технологиялық колледжі).
Сонымен қатар номинациялар иегерлері анықталды. Айта кететін жәйт, байқау өте жоғары кәсіби деңгейде өтті.