Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ағымдағы жылдың 29 қарашасында ШҚО кәсіптік білім беру орталығы қызмет көрсету және сервис саласы бойынша оқытушылар облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Колледж «Семей» мекемесімен бірлесіп, «Жамбыл Жабаев және оның мұрасы» шығармашылық жұмыстардың облыстық  байқауының қорытындысын шығарды.

Аталған байқаудың мақсаты дарынды мектеп оқушылары мен колледж студенттерін анықтау, тәжірибе алмасу, шығармашылық қарым-қатынас үшін жағдай жасау, конкурсқа қатысушылар арасында достық қарым-қатынасты дамыту.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:

  • «Жамбыл Жабаев - қазақ даласының ұлы ақыны»;
  • «Дала дауысы»;
  • «Жамбыл ата –мақтанышымыз». 

Облыстық байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар анықталып, үздіктер ШҚО кәсіптік білім беру орталығының 1,2,3, дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Жеңімпаздар, жүлдегерлер және номинант иегерлерін төменде көрсетілген ШҚО білім басқармасының сайтынан көре аласыздар!