Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО кәсіптік білім беру орталығы педагогикалық бағыттағы облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 28 наурызда Семей көпсалалы колледжімен бірлесіп ШҚО техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Педагогикалық идеялар жәрмеңкесі» облыстық байқауын өткізді.

Мақсаты – педагогтердің шығармашылық қызметін қолдау, тәжірибе алмасу.

Байқауға қатысу үшін колледж оқытушыларынан 20 – ға жуық материал келіп түсті.

Байқау білім беру үдерісі мен әлеуметтік идеялар, тәрбие, азаматтық білім беру саласындағы идеялар, білім беру мекемесіндегі денсаулық сақтау технологиялары мен өмір қауіпсіздігі, студенттер дамуында тьютор ретінде жетекшілік ететін топ кураторларының қызметін іске асырудың инновациялық әдістері мен формалары, білім беру саласында әдістемелік қызметті ұйымдастырудың инновациялық модельдері бағыттары бойынша өткізілді.

Байқау нәтижесі бойынша:

І орын - Бахтиярова Бақытгүл Жанузаковна (Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі);

ІІ орын - Уразбаева Айжан Карловна (Семей көп салалы колледжі); Касымова Гульнур Ильясовна (Жақия Шайжүнісов атындағы Электронды колледжі);

ІІІ орын - Нурпеисова Еркеш Болатбековна (М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі); Акшалова Даметкен Тюлюкановна (Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесі).