Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік шежіресі өлең жолдарында» облыстық өлеңдерді мәнерлеп жатқа оқу бейне байқауының қорытындысы
ШҚО кәсіптік білім беру орталығы директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Өскемен көпсалалы технология колледжімен бірлесіп, 2021 жылғы 28 желтоқсанда ТжКБ жүйесі ұйымдарының студенттерінің арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік шежіресі өлең жолдарында» облыстық өлеңдерді мәнерлеп жатқа оқу бейне байқауының қорытындысын шығарды.
Мақсаты – білім алушыларды Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту, дарынды жастарды анықтау және қолдау.
Байқау келесі тақырыптар бойынша өткізілді:
- «Қазақстан – достықтың бесігі»;
- «Ғасырлар арқылы Тәуелсіздікке»;
- «Ел рәміздері-Қазақстан мақтанышы»;
- «Мәңгілік ел-біздің болашағымыз».
Байқау жеңімпаздарын әділқазылар алқасы келесі критерийлер бойынша анықтады:
- шығарманың байқау тақырыбына сәйкестігі;
- дұрыс әдеби айтылым;
- мәнерлеп оқу құралдарын сақтау, сөйлеудің эмоционалды әсері, т.б.
Байқауға ШҚО колледждерінің 28 студенті қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар мен жүлдегерлер және номинация иегерлері анықталды:
І орын - Кайгородова Ксения («Риддер аграрлық техникалық колледжі» КМҚК);
ІІ орын – Бағдатов Нұрсұлтан («Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК), Дукешова Ақнұр («Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК);
ІІІ орын – Хапезова Аружан («Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесі» КМҚК), Жақсылықова Ақниет («Қайнар» Жоғары колледжі» ЖШС).
Ең көп көрермен дауысын жинағаны үшін «Көрермендер көзайымы» номинациясын Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжінің студенті Бағдатов Нұрсұлтан (https://www.youtube.com) иеленді.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!