Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО кәсіптік білім беру орталығы қазақ тілі мен әдебиеті оқытушылары облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан технология колледжімен бірлесіп, 2021 жылғы 15 желтоқсанда Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай  «Ұлт ұстазы - Ыбырай Алтынсарин» облыстық қашықтық ғылыми-практикалық конференциясының қорытындысын шығарды.

Мақсаты – колледж студенттерінің зерттеушілік қабілеттерін арттыру, Ы.Алтынсаринның ағартушылық-педагогикалық қызметінің құндылық негіздерін ашу, Ы.Алтынсаринның педагогикалық мұрасы және қазіргі кәсіптік біліммен байланысын анықтау.

            Конференцияға қатысу үшін колледж студенттерінен барлығы 32 өтінім келіп түсті.

Ғылыми – практикалық конференция келесі секциялар бойынша өткізілді:

  • «Ыбырай Алтынсаринның ағартушылық-педагогикалық қызметінің құндылық негіздері»;
  • «Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы Ыбырай Алтынсаринның педагогикалық идеяларының сабақтастығы»;
  • «Ыбырай Алтынсаринның педагогикалық мұрасы және қазіргі кәсіптік білім».

Конференция жеңімпаздары мен жүлдегерлерін төменде көрсетілген ШҚО білім басқармасының сайтынан көре аласыздар!

https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/302504?lang=ru

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!