Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО кәсіптік білім беру орталығы тілдік пәндер оқытушылары облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медицина колледжімен бірлесіп, 2021 жылғы                                 21 желтоқсанда «Қазақстан Тәуелсіздігі және рухани-мәдени құндылықтар» облыстық қашықтық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясының қорытындысын шығарды.

Мақсаты – студенттердің танымдық қызығушылықтары мен шығармашылығын дамыту, өз бетінше өнімді іс-әрекет дағдыларына баулу; студенттерді ғылыми зерттеулерге тарту, ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысуды ынталандыру; студенттің ғылыми ой-өрісін қолдау және дамыту; студенттер қауымының ғылыми белсенділігін арттыру.

Конференция келесі секциялар бойынша өткізілді:

  • «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және Семей ядролық сынақ полигонының жабылуы  аясындағы Қазақстанның ядролық қарусыз әлем құру бастамалары»;
  • «Тәуелсіз Қазақстан: тарих және қазіргі заман»;
  • «Орыс тілі Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы көпұлтты мәдениетінің көрінісі ретінде»;
  • «Қазақстандағы көптілділік»;
  • «Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі даму кезеңіндегі ағылшын тілінің рөлі»;
  • «Қазақстанның болашағы үшін ағылшын тілінің маңыздылығы».

Жеңімпаздар, жүлдегерлер және номинант иегерлерін төменде көрсетілген ШҚО білім басқармасының сайтынан көре аласыздар!

https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/304001?lang=ru

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!