Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған
2021 жылғы 25 қарашада ШҚО кәсіптік білім беру орталығы қоғамдық ғылымдар негіздері оқытушылары облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Семей көп салалы колледжімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ШҚО ТжКБ оқу орындарының студенттері арасында «Тәуелсіздік: Мәңгілік Елдің берік тұғыры» тақырыбында қашықтықтан облыстық ғылыми – тәжірибелік конференциясының қорытындысын шығарды. Мақсаты - білім алушыларға патриотизм, ұлттық сана-сезім, борыш сезімін дарыту, өз Отанына деген құндылық қатынастарын қалыптастыру. Конференцияға қатысу үшін колледж студенттерінен 65 өтінім келіп түсті. Конференция қорытындысы бойынша жеңімпаздар https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/290455?lang=ru ШҚО кәсіптік білім беру орталығының 1, 2, 3 дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!