Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2022 жылғы 11 сәуірде  ШҚО кәсіптік білім беру орталығы музыка және өнер бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес М.Төлебаев атындағы музыка училищесімен бірлесіп, «Қазіргі заманның музыкалық үрдістері: өзектілігі, дамуы, келешегі» оқу-зерттеу және жобалау жұмыстарының облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясының қорытындысын шығарды (РФ оқу орындарының қатысуымен). Мақсаты – мектеп оқушылары, колледж және ЖОО студенттерінің шығармашылық және зияткерлік әлеуетін анықтау және қолдау, студенттердің ғылыми-зерттеу қызметіндегі жетістіктерін байқау.

Конференцияның негізгі бағыттары:

- музыкадағы ғылым;

- музыкатануды дамытуға ғылыми-инновациялық технологияларды енгізу;

- аспаптық орындаушылық дамуының ерекшеліктері.

Конференция қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:

 «Музыкадағы ғылым» бағыты:

I орын – Толегенкызы Мадина (М.Төлебаев атындағы музыка училищесі);

II орын – Колмакова Мария (Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі);

III орын – Степанова Мария (Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі).

«Музыкатануды дамытуға ғылыми-инновациялық технологияларды енгізу» бағыты:

I орын – Распекова Нурсулу Жекенгалиевна (М.Төлебаев атындағы музыка училищесі);

II орын - Алябина Елена (Алтай мемлекеттік университеті);

III орын Алшимбаева Сания (Омбы мемлекеттік педагогикалық университеті).

«Аспаптық орындаушылық дамуының ерекшеліктері» бағыты:

I орын – Пляскина Оксана Анатольевна (М.Төлебаев атындағы музыка училищесі);

II орын – Садыкова Наргиз (М.Төлебаев атындағы музыка училищесі);

III орын – Мансурова Фарида Кадыровна (М.Төлебаев атындағы музыка училищесі).

Құттықтаймыз!