Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бүгін, ағымдағы жылдың 15 сәуірінде ШҚО кәсіптік білім беру орталығы экономикалық бағыттағы оқытушылары облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Р. Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжімен бірлесіп «Экономика PRO 2022» облыстық олимпиадасын өткізді.Мақсаты – әр түрлі мамандықтар бойынша талантты студенттерді анықтау, жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша теориялық және практикалық оқыту процесінде алынған білім мен дағдыларды бекіту және тереңдету. Олимпиада 4 кезең бойынша  өткізілді: «Қызықты бейне»; «Викторина»; «Капитандар сайысы»; «Мені түсін».

Олимпиаданың қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды:

І орын – «Жас акционерлер» командасы (Геологиялық барлау колледжі);

ІІ орын – «Короли баланса» командасы  (Бизнес және сервис колледжі);

ІІІ орын – «Winners» командасы (Бизнес және сервис колледжі).

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!