Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО кәсіптік білім беру орталығы Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжімен бірлесіп, 2022 жылғы 24 ақпанда ауыл шаруашылығы бағытындағы оқытушылардың облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес «Ветеринария» мамандығы бойынша оқитын ШҚО ТжКБ жүйесі оқу орындарының 2-3 курс студенттері арасында «Үздік анатом» облыстық олимпиадасын өткізді. Мақсаты – «Ветеринария» мамандығы бойынша оқитын дарынды студенттерді анықтау, дамыту және қолдау. Олимпиада 2 тур бойынша өткізіліп, оған барлығы 10 студент қатысты. Бірінші тур тестілеу түрінде өтіп, оның қорытындысы бойынша 10 қатысушы екінші турға өтті. Екінші турда студенттер «Жануарлар анатомиясы» пәні бойынша «Лото» сұрақтарына жауап берді. Олимпиада нәтижесі бірінші және екінші турды бағалау критерийлеріне сәйкес шығарылды. Олимпиада қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды:

І орын – Төлеубаев Нұрлан Кенжеғазыұлы (Шәкәрім жоғарғы колледжі);

ІІ орын – Таңқашбек Ұлсана Ертісқызы (Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі);

ІІІ орын - Қабдулвахит Ерасыл Фархатұлы (Қазтұтынуодағы агробизнес және экономика колледжі).

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!