Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО кәсіптік білім беру орталығы ІТ бағыттағы оқытушылардың облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Жоғары IT колледжімен бірлесіп  2022 жылғы 31 наурызда ШҚО техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының студенттері арасында ақпараттық технологиялар бойынша облыстық олимпиадасын өткізді.

Мақсаты - ақпараттық технологиялар саласында жоғары дайындық деңгейін көрсеткен дарынды студенттерді анықтау, білім беру процесінде қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың рөлін арттыру, практикалық бағыттағы міндеттерді шешу үшін ақпараттық технологиялар құралдарын пайдалану білігін дамыту. Олимпиадаға қатысу үшін ШҚО колледждерінен 24 өтінім келіп түсті.

Олимпиада 2 кезеңде өтті: компьютерлік тестілеу және MS Office ортасында практикалық есептерді шешу.

Олимпиада қатысушыларының жұмыстарын келесі құрамдағы сараптамалық комиссия бағалады:

Мәукенова К.Е., ҚАЕУ оқытушысы, Қабиболданова А. А., Корунова А. А., т.б. Жоғары IT колледжінің оқытушылары.

Олимпиада қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздар анықталды.

І орын - Тогжигит Таир Бауыржанулы (Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медицина колледжі);

ІІ орын - Шилов Алексей Дмитриевич  (Өскемен жоғары политехникалық колледжі);

ІІІ орын - Малофеев Алексей Александрович  (Риддер көпсалалы колледжі).

Құттықтаймыз!