Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО кәсіптік білім беру орталығы IT бағыты оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес Өскемен жоғары политехникалық колледжімен  бірлесіп, 2023 жылғы 24 ақпанда Өскемен жоғары политехникалық колледжінің 70 жылдығына арналған бағдарламалау бойынша облыстық олимпиада өткізді. Олимпиаданың мақсаты: студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту, студенттердің ақпараттық технологиялар мен бағдарламалауды оқуға деген қызығушылығын ынталандыру, мамандарды даярлау сапасын арттыру. Олимпиадаға барлығы 16 студент қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

1 орын – Ерсайын  Шыңғыс,  Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың  жоғары IT колледжі;

2 орын – Боровиков Роман, Құмаш Нұрғалиев атындағы Жоғары колледжі;

3 орын – Бурлаченко Дмитрий Сергеевич, Алтай Жоғары колледжі. Құттықтаймыз!!!