Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

ШҚО кәсіптік білім беру орталығы Зайсан технологиялық колледжімен бірлесіп, 2022 жылғы 24 ақпанда ауыл шаруашылығы бағытындағы оқытушылардың облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес ШҚО ТжКБ жүйесі оқу орындарының «Фермер шаруашылығы» мамандығы, «Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисі» біліктілігі бойынша оқитын студенттер арасында арнайы пәндер бойынша облыстық олимпиадасын өткізді. Мақсаты – «Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисі» біліктілігі бойынша кәсіби талаптарға сәйкес білім алушылардың кәсіби құзыреттілігінің қалыптасуын, заманауи өндірістің талаптарына сай жас мамандардың кәсіби даярлығының сапасын зерделей отырып, үздіктерді анықтау. Олимпиадаға колледждердің 12 студенті қатысты. Облыстық олимпиада 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең тестілеу түрінде өтті. Олимпиаданың 1 кезеңінің қорытындысы бойынша 7 қатысушы екінші кезеңге өтті. Екінші кезеңде студенттер «Трактор құрылысы» пәні бойынша сұрақтарға жауап берді. Олимпиада қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды:

І орын – Копбаева Асем Маликовна (Жарма технология колледжі);

ІІ орын – Аманболұлы Самғар (Тарбағатай колледжі);

ІІІ орын -Сырымұлы Азамат (Зайсан технология колледжі).

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!