Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2022 жылғы 22 сәуірде ШҚО кәсіптік білім беру орталығы жаратылыстану пәндері облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Көлік колледжімен бірлесіп ШҚО ТжКБ жүйесі оқу орындарының студенттері арасында  химия пәнінен облыстық олимпиада өткізді. Олимпиадаға қатысу үшін барлығы 22 өтінім берілді. Олимпиада 2 турда өткізілді: тестілеу және жазбаша жұмыс. Қазылар алқасының шешімімен келесі жүлделі орындар анықталды: I дәрежелі дипломмен Абашева Ульяна (М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі), II дәрежелі дипломмен Мазова Дарья (Геологиялық барлау колледжі) және Коваленко Ксения (М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі), III дәрежелі дипломмен Атағаев Имран (Геологиялық барлау колледжі), Муфталова Айдана (М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі) және Жүнісов Нұрбол (Электротехникалық колледжі)  марапатталды. Олимпиада аяқталғаннан кейін жеңімпаздар мен жүлдегерлерді салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Олимпиада жеңімпаздары мен жетекшілерін құттықтай отырып, алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз!