Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2022 жылы 19 мамырда ШҚО кәсіптік білім беру орталығы Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжімен бірлесіп ШҚО ТжКБ студенттері арасында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен облыстық «Тілдарын» олимпиадасын өткізді. Олимпиада мақсаты – білім алушылардың тіл мәдениетін жетілдіру, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу. Олимпиада 4 кезең бойынша өткізілді: «Таныстыру», «Лексика-грамматикалық тест», «Тақырыптың мазмұнын толық ашу», «Мәтінді ілеспе аударма». Әр кезең бастамашылдықты, шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған.

         Қазылар алқасы қатысушыларды бағалау кезінде жауаптардың мазмұндылығына, сапасына және бірегейлігіне ерекше назар аударды.

         Олимпиаданың қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды:

         І орын – Қасымова Жаннұр Мақсатқызы (Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі);

         ІІ орын - Алматай  Адиль (Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі), Каримова Диана Шыңғысқызы (М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, Семей қ.);

         ІІІ орын - Арғын Әлішер Әсетұлы (Геологиялық барлау колледжі), Нұрбекұлы Әмірбек (Өскемен жоғары политехникалық колледжі);

         Сондай-ақ,  «Тіл шебері», «Жас қаламгер», «Үздік аудармашы» номинация иегерлері анықталды.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!