Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бүгін, ағымдағы жылдың 10 желтоқсанында ШҚО кәсіптік білім беру орталығы тілдік пәндер оқытушылары облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Құмаш Нұрғалиев атындағы жоғары колледжімен бірлесіп, ТжКБ жүйесі оқу орындарының студенттері мен ШҚО жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында «Үштілділік-табысқа апарар жол» облыстық олимпиадасының қорытындысын шығарды.

Олимпиада мақсаты – зияткерлік қызмет саласындағы дарынды білім алушыларды анықтау және қолдау.

Үштілділік бойынша олимпиада екі кезеңде өтті. Қатысушылар 1 кезеңде оқу пәндерінің бағдарламалық талаптарына сәйкес үш тілде тестілеуден өтті. Екінші кезеңде әр қатысушыға монологтік сөйлеуге арналған тақырыптар ұсынылды.

Олимпиаданың 2 турының қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды:

І орын - Рахимбердыев Акежан («Геологиялық барлау колледжі» КМҚК), Акентьева Полина («Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» КММ);

ІІ орын - Құбаш Аружан  («М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК), Амангельдинова Алтынай («№47 жалпы білім беретін мектеп» КММ);

ІІІ орын - Адилханова Айым (Қазақстан-Американдық еркін университетінің жоғарғы колледжі), Николенко Арина («№11 мектеп-лицей» КММ);

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!