Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мүмкіндігі шектеулі балаларды дене шынықтырумен және спортпен  шұғылдануға тарту, олардың белсенді өмірлік ұстанымын дамыту мақсатында 2022 жылғы 26 мамырда ШҚО кәсіптік білім беру орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Семей қаласының «Спартак» стадионында мүмкіндігі шектеулі балалар арасында жеңіл атлетикадан «Тезірек. Жоғарырақ. Күштірек» облыстық спартакиадасы өткізілді.

Спартакиада бағдарламасындағы 100 метрге, 200 метрге жүгіру, ядро лақтыру, ұзындыққа секіру (қыздар, ұлдар арасында) сайыстарына Шығыс Қазақстан технология колледжі, Глубокое техникалық колледжі, Семей қаласының № 4, 5 арнайы мектеп-интернаттарының 70-ке жуық мүмкіндігі шектеулі студенттері мен тәрбиеленушілері қатысты.

Спартакиадаға қатысушыларды жеңіл атлетикадан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушылары, спорт шеберлері, жоғары санатты төрешілер: Куршев В. Б., Хижнякова Е. Л., Нечаева Т. Ю., Хижняков И. С., т. б. бағалады.

Жеке сынақта сайыстың әр түрі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Жарыс қорытындысы бойынша сайыстың әр түрінен келесі жүлделі орындар анықталды:

I орын - Шығыс Қазақстан технологиялық колледжі, Семей қ.;

II орын - Глубокое техникалық колледжі;

III орын - №5 арнайы мектеп-интернаты, Семей қ.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!