Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Белсенді өмірлік ұстанымды дамыту және мүмкіндігі шектеулі студенттерді дене шынықтырумен және спортпен тұрақты айналысуға тарту мақсатында 2023 жылғы 25 мамырда ШҚО білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің базасында жеңіл атлетикадан ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттердің «Жылдамырақ. Жоғарырақ. Күштірек» облыстық Спартакиадасы өткізілді.Спартакиада бағдарламасындағы 100, 200 метрге жеке есепте жүгіру; аралас командалық эстафета; жеке есепте кросс қашықтықтарына жүгіру сайыстарына Глубокое техникалық колледжінің, Өскемен қызмет көрсету саласы колледжінің, С. Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжінің, Зайсан технология колледжінің, Жасөспірім үйінен 20 – дан астам студент қатысты. Бүгінгі жарыста Спартакиада қатысушылары өздерінің белсенді өмірлік ұстанымдарын, алға қойылған мақсатқа жетуге деген ұмтылыстарын көрсете білді. Жарыс қорытындысы бойынша дистанцияның әр түрі бойынша жеке және командалық есептерде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Барлық жеңімпаздарға, жүлдегерлер мен қатысушыларға зор денсаулық және одан әрі табыс тілейміз!!!