«Қазақстанның аграрлық және экологиялық секторларын дамытудағы инновациялық және перспективалық идеялар» облыстық студенттік ғылыми-практикалық конференцияның қорытындысы
2022 жылғы 21 сәуірде ШҚО кәсіптік білім беру орталығы ауыл шаруашылығы бағытындағы облыстық әдістемелік бірлестіктің іс-шаралар жоспарына сәйкес «Қазақстанның аграрлық және экологиялық секторларын дамытудағы инновациялық және перспективалық идеялар» облыстық студенттік ғылыми-практикалық конференциясының қорытындысын шығарды.
Студенттік ғылыми-практикалық конференцияға 29 жұмыс ұсынылды. Конференция жұмысы «Орман және аңшылық шаруашылығы», «Ветеринария және мал шаруашылығы» және «Агрономия» бағыттары бойынша жүргізілді.
Студенттердің шығармашылық жұмыстары конкурстық комиссия мүшелерімен жоғары бағаланды. Конференция қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:
«Орман және аңшылық шаруашылығы» бағыты бойынша - І орын, Өтегенов Асанәлі, Геологиялық барлау колледжі; ІІ орын - Айдынова Әсел, Қазтұтынуодағы агробизнес және экономика колледжі, Увалиханов Ерасыл, Геологиялық барлау колледжі; ІІІ орын - Әбітаев Ернат, Шығыс Қазақстан технологиялық колледжі;
«Ветеринария және мал шаруашылығы» бағыты бойынша - І орын, Тайбазарова Татьяна, Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі; ІІ орын - Серікқызы Айдана, Қазтұтынуодағы агробизнес және экономика колледжі; Сығаева Динара, Қызырбекова Жаннұр, Бизнес және сервис колледжі; ІІІ орын - Басимова Асема, Насыров Данияр, Қазтұтынуодағы агробизнес және экономика колледжі;
«Агрономия» бағыты бойынша - І орын, Сұлтан Арай, Шәкәрім жоғары колледжі, ІІ орын - Мазова Дарья, Геологиялық барлау колледжі, ІІІ орын -Қосубаев Әділ, Темербекова Алина, Геологиялық барлау колледжі.
Құттықтаймыз!!!