«Инновациялық педагогикалық технологиялар білім беру мазмұнын жаңарту аясында тілдерді оқыту сапасын арттыру құралы ретінде» облыстық Алтынсарин педагогикалық оқуларының қорытындысы
ШҚО кәсіптік білім беру орталығы тілдік пәндер оқытушылары, қазақ тілі және әдебиеті оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 25 ақпан мен 28 наурыз аралығында Риддер көпсалалы колледжімен бірлесіп, «Инновациялық педагогикалық технологиялар білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде тілдерді оқыту сапасын арттыру құралы ретінде» облыстық Алтынсарин педагогикалық оқуларын өткізді.
Мақсаты – заманауи білім беру мен ғылымды дамыту үдерісін насихаттау; жаңартылған білім беру мазмұны аясында ШҚО ТжКБ жүйесі педагогтерінің жұмыс тәжірибесімен алмасу.
Педагогикалық оқулар жұмысына ШҚО колледждері тіл мамандықтарының 28 педагогі қатысты.
Алтынсарин оқулары келесі секциялар бойынша өткізілді:
- «Педагогикалық идеялардың сабақтастығы Алтынсарин білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында»;
- «Инновациялық педагогикалық технологиялар білім беру мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың сапасын арттыру құралы ретінде»;
- «Инновациялық педагогикалық технологиялар білім беру мазмұнын жаңарту аясында орыс тілі мен әдебиетін оқытудың сапасын арттыру құралы ретінде»;
- «Инновациялық педагогикалық технологиялар білім беру мазмұнын жаңарту аясында ағылшын тілін оқыту сапасын арттыру құралы ретінде».
Педагогикалық оқулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін төменде көрсетілген ШҚО білім басқармасының сайтынан көре аласыздар!
https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/346359?lang=ru
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!