Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО кәсіптік білім беру орталығы қазақ тілі мен әдебиеті оқытушылары облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес «Innovative College» мекемесімен бірлесіп, Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасында «Поэзия, менімен егіз бе едің?!» облыстық Мақатаев оқуларының қорытындысын  шығарды. Мақсаты – жас ұрпаққа ақиық ақын Мұқағали Мақатаев шығармашылығының мәні мен мағынасын ұғындыру. Мақатаев оқуларына қатысу үшін колледж студенттерінен барлығы 15 өтінім келіп түсті. Іс - шара 2 кезеңнен тұратын қашықтық форматта өтті:

1-кезең: «Мұқағали-мәңгілік жыр!» атты тақырыпта эссе жазу;

2-кезең: «Поэзия, менімен егіз бе едің?!» ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу.

Облыстық Мақатаев оқуларының қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар мен жүлдегерлер және номинация иегерлері анықталды:

Бас жүлде - Адлгазыева Амина (№35 жалпы орта білім беретін мектебі);

І орын - Жумаханова Алуа (Озерки жалпы орта білім беретін мектебі);

ІІ орын - Абдоллаев Әлішер (Электротехникалық колледжі);

ІІ орын – Курбанова льнара (№35 жалпы орта білім беретін мектебі);

ІІІ орын - Ақаш Санжар (Өскемен экономика және қаржы колледжі);

ІІІ орын - Бағылан Айзере (Өскемен экономика және қаржы колледжі);

ІІІ орын - Тұнғышбаева Мөлдір (Шәкәрім атындағы университетінің Шәкәрім жоғары колледжі). Озерки жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Гафурова Адэлия «Көркемсөз оқу шебері», ал Бизнес және сервис колледжінің студенті Серікқали Алуа «Көрермен көзайымы» номинацияларына ие болды. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!