Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО кәсіптік білім беру орталығы бастапқы әскери және технологиялық дайындық облыстық әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес Өскемен жоғары политехникалық колледжімен бірлесіп,  2023 жылғы  17 ақпанда  кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығару күніне арналған әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша облыстық ашық жарыстар өткізді. Жарыстың мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, студенттердің тактикалық және техникалық шеберлігін арттыру, әскерге шақырылғанға дейінгі жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет етуге дайындау. Жарысқа  барлығы 7  команда қатысты.
Облыстық әскери-спорттық жарыстар келесі түрлер бойынша өткізілді:
Дартс; барға тартылу; АК-74 ММГ толық емес бөлшектеу және құрастыру.
Жарыс қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды:
І орын – «Өскемен көпсалалы технология колледжі» КММ
ІІ орын – «Өскемен жоғары политехникалық колледжі» КМҚК
ІІІ орын - Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың  жоғары IT колледжі
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!