Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО кәсіптік білім беру орталығы Өскемен жоғары политехникалық колледжімен бірлесіп  облыстық дене шынықтыру әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес 2023 жылғы 19-20 қаңтарда жасөспірімдер арасында баскетболдан облыстық жарыстар өткізді. Мақсаты - колледж студенттерінің арасында спорт түрлерін дамыту және танымал ету, дене шынықтырумен тұрақты айналысуға тарту,  салауатты өмір салтын насихаттау. Жарысқа  барлығы 11 команда қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:

1 орын – Өскемен жоғары политехникалық колледжі КМҚК;

2 орын – Көлік және өмір қауіпсіздігі колледжі;

3 орын – Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің жоғары колледжі.

Құттықтаймыз!!!