Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО кәсіптік білім беру орталығы бастапқы әскери және технологиялық дайындық облыстық әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес Құрылыс колледжімен бірлесіп,  2021 жылғы  13 желтоқсанда  «Жас сарбаз» бағдарламасы аясында БӘжТД бойынша ШҚО колледждері арасындағы облыстық әскери-спорттық жарыстарының  қорытындысын шығарды.

Жарыстың мақсаты: «Рухани жаңғыру», «Жас сарбаз» бағдарламаларын жүзеге асыру, салауатты өмір салтын насихаттау, студенттердің тактикалық және техникалық шеберлігін арттыру, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі қызметке шақыруға дейінгі жастарды дайындау.

Жарысқа  барлығы 7  команда қатысты.

Облыстық әскери-спорттық жарыстар келесі бағыттар бойынша өткізілді: жатқан қалпында қолдарын бүгу және жазу; желке тұсынан жоғары кермеде тартылу; оқ ату; гір көтеру; АК-74 ММГ толық емес бөлшектеу және құрастыру.

Жарыс қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды:

І орын - «Көлік колледжі» КМҚК;

ІІ орын - «Электротехникалық колледжі»  КМҚК;

ІІІ орын - «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК.

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!