Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бүгін WorldSkills Shygys аймақтық чемпионатының қатысушылары өздерінің тікелей жұмысын бастады. Жетекші колледждер базасындағы Құзыреттілік орталықтарында шоғырланған іс-шаралар қызу жүріп жатыр - бірінші күннің нәтижеге әсер ететіні сөзсіз, сондай-ақ, қатысушыларға тапсырманың көлемді модулін орындау қажет. Қатысушылар үшін барлық құзыреттер бойынша белсенді күн болды. Алда тағы бәсекеге толы бірнеше күндер бар. Сонымен қатар,аймақтық чемпионатты ұйымдастыру және өткізу барысымен танысу мақсатында облысымызға «Talap» КЕАҚ өкілі Марат Тауыржанұлы келіп, байқауға қатысушыларды бағалау форматымен танысып,  сарапшылар қауымымен әңгімелесті.

Барлық қатысушыларға сәттілік, табандылық және өз қабілеттеріне сенімділік тілейміз!