Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бүгін «WorldSkills Shygys 2023» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. 29 негізгі құзырет бойынша 31 колледж студенттері мен жас мамандар жеңімпаз атанды. Үш күнге созылған чемпионат қатысушыларының жұмысын бағалау үшін кәсіпорындардың жетекші мамандары мен өндірістік оқыту шеберлері тартылды. WorldSkills қозғалысы жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға және танымал етуге бағытталған, сонымен қатар бүгінгі күнде білікті кадрларды даярлауда жаңа трендтер жасауда.

Өңірлік чемпионаттың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық орындар:

1 - орын -  Өскемен жоғары политехникалық колледжінің командасы;

2 - орын -  Өскемен көпсалалы технологиялық колледжінің командасы;

3- орын Риддер колледжі мен Өскемен құрылыс колледжінің командалары.

Өңірлік чемпионаттың жеңімпаздары ағымдағы жылдың маусым айында Астана қаласында өтетін WorldSkills Kazakhstan-2023 республикалық чемпионатына қатысу құқығына ие болды. Өңірлік чемпионаттың барлық жеңімпаздарына республикалық чемпионатта сәттілік, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңіс тілейміз!