Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО кәсіптік білім беру орталығы IT бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес М. О. Әуезов атыдағы педагогикалық  колледжімен бірлесіп, 2021 жылғы 20 желтоқсанда «StartTeach» аймақтық қашықтық байқауының қорытындысын шығарды.

Мақсаты – педагогикалық идеялар, бастамалар мен жобаларды анықтау, сонымен қатар педагогикалық үдеріс үшін құнды болып табылатын ТжКБ педагогтерінің озық тәжірибелерін жалпылау.

 Байқау келесі бағыттар бойынша өткізілді:

  • «Электронды ресурстар»;
  •  «3D модельдеу және панорама»;
  •  «Робототехника».

Байқау қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

І орын – Бергазиев Ербол Абзалулы (Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі);

ІІ орын – Литвинова Ольга Юрьевна (Құмаш Нұрғалиев атындағы жоғары колледжі);

ІІ орын - Мукажанова Меруерт Жармаковна, Мусатаева Айгерим Кайратовна, Ергалиева Айжан Бекжанкызы, Аманғалиев Дастан Амангалиұлы (Геологиялық барлау колледжі);

ІІІ орын - Тлеумбетова Гаухар Кызырхановна (Электротехникалық колледжі).