Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2021 жылғы 8 қазанда ШҚО ТжКОБ ұйымдары педагогтерінің инновациялық жұмыстары республикалық байқауына аймақтық деңгейде іріктеудің қорытындысы шығарылды. Байқаудың мақсаты - педагогикалық идеялар, бастамалар мен жобаларды анықтау, ТжКОБ педагогтерінің озық тәжірибелерін жалпылау. Комиссияның қарауына келесі бағыттар бойынша 66 жұмыс ұсынылды: - оқу жұмысына арналған әдістемелік өнімдер – 30; - тәрбие жұмысына арналған әдістемелік өнімдер - 5; - электронды білім беру ресурсы- 12; - жобалық жұмыс - 13; - бағалау қызметі мен кері байланысқа арналған жұмыстар жинағы - 6. Байқау комиссиясы қатысушылардың ұсынған материалдарын қашықтық форматта қарап, үздік деп танылған жұмыстарды ТжКОБ ұйымдары педагогтерінің инновациялық жұмыстары республикалық байқауына жолдайды