Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының педагогтері мен өндірістік оқыту шеберлері арасындағы «Заманауи құрылыс және экономика» республикалық конференциясының қорытындысы
ШҚО кәсіптік білім беру орталығы инженерлік және құрылыс саласы бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Құрылыс колледжімен бірлесіп, 2022 жылғы 25 наурызда «Заманауи құрылыс және экономика» республикалық конференциясын өткізді.
Конференцияның мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының өзара әрекеттестігі мен ынтымақтастығын дамыту және нығайту.
Конференция жұмысына Павлодар машина жасау колледжі, Жоғары көлік және коммуникация колледжі (Нұр-Сұлтан қ.), Атырау энергетика және құрылыс колледжі, Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Степногорск қаласының жоғары колледжі, Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі, Абай колледжі, Семей қаласының Индустриалды-технологиялық колледжі, Көлік колледжі және Құрылыс колледжінің педагогтері мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.
Конференция қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.