Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО кәсіптік білім беру орталығы бастапқы әскери және технологиялық дайындық облыстық әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан технологиялық колледжімен бірлесіп 2021 жылғы  1-4 қараша аралығында «Жас сарбаз» бағдарламасы аясында ШҚО колледждері арасында БӘжТД бойынша М. Жексенбековті еске алу кубогы үшін өткен VIII облыстық әскери-спорттық жарыстары өткізілді.

Жарыстың мақсаты: «Рухани жаңғыру», «Жас сарбаз» бағдарламаларын жүзеге асыру, салауатты өмір салтын насихаттау, студенттердің тактикалық және техникалық шеберлігін арттыру, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі қызметке шақыруға дейінгі жастарды дайындау.

Жарысқа  барлығы 16 команда қатысты.

Облыстық әскери-спорттық жарыстар келесі бағыттар бойынша өткізілді: оқпен ату, ашық көздеме, дүкенді жабдықтау, АК-74 ММГ толық бөлшектеу және құрастыру, т.б.

Жарыс қорытындысы бойынша жеке және командалық есепте жеңімпаздар анықталды.

Жеке есепте

Командалық есепте:

1 орын – «Электротехника колледжі» КМҚК;

2 орын – «Шығыс Қазақстан технология колледжі» КМҚК;

3 орын – «Бизнес және сервис колледжі» КМҚК,  «Геологиялық барлау колледжі» КМҚК.