Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2021 жылғы 25 қарашада ШҚО кәсіптік білім беру орталығы облыстық әдіскерлердің әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Геологиялық барлау колледжімен бірлесіп, «ҚР білім беру үздігі»,  «Геология саласының құрметті қызметкері», белгілі қоғам қайраткері Әлмұқанов Марал Әлібекұлын еске алу құрметіне орай «Жас зерттеушілердің  шығармашылығы - бәсекеге қабілетті мемлекетті қалыптастыруға қосқан үлесі» студенттердің  V–ші интернет-конференциясының қорытындысын шығарды. Мақсаты - колледж студенттерінің зерттеушілік қабілеттерін ашу, болашақ мамандардың мемлекетті дамытуға бағытталған қарқынды индустрияландыру жағдайындағы ғылыми-әлемдік танымдарын қалыптастыру. Конференция жұмысына ШҚО 25 колледжінен 174 студент, сондай-ақ Сібір геофизикалық колледжінің (Новосібір облысы), Тюмень индустриалды университетінің жанындағы көпсалалы колледжінің және Осинников тау-кен техникалық колледжінің студенттері қатысты. Терең зерттеуді талап ететін және кейінгі зерттеулер үшін негіз болатын студенттердің зерттеу жұмыстары үлкен қызығушылықпен талқыланды. Сараптамалық комиссия Конференция қорытындысы бойынша студенттердің Үздік зерттеу жұмыстарын (https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/290707?lang=ru), сондай-ақ, «Айқын тақырып», «Маңызды зерттеу»,  «Танымдық және шығармашылық шеберлік»,  «Ерекше танылған еңбек»   номинацияларын анықтады. Студенттердің зерттеу жұмыстары Конференция сайтында орналастырылды http://chteniya.sgrk.kz/