Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО кәсіптік білім беру орталығы қоғамдық ғылымдар негіздері пәні оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес Электротехника колледжінде ШҚО ТжКБ жүйесі оқу орындарының студенттері арасында ұлтжанды тұлға, қоғам қайраткері, ұстаз Б. М. Құрманғалиевті еске алуға арналған «Аймақтық тарих -тұлғаның рухани, адамгершілік дамуының және азаматтықтың қалыптасуының негізі» XІ халықаралық қашықтық ғылыми-тәжірибелік конференциясы (тарихи оқылымы) өтті. Конференция мақсаты: білім алушылардың шығармашылығын шыңдау, кәсіби білікті маман ретінде қалыптасуына жағдай жасау, патриотизмге тәрбиелеу. Конференцияға 50 - ден  астам баяндама ұсынылды. Конференцияның пленарлық отырысына Семей қаласының «Прииртышье» өлкетану қоғамының мүшелері: Жуков П.Н., Куряшкин А.Н., Абай атындағы кітапхана қызметкері Парфенович М.И., Электротехника колледжінің география және биология пәндерінің оқытушысы Амирова К.Б. өлке тарихына қатысты мазмұнды баяндамалар жасады. Конференцияның барлық қатысушыларына сертификаттар тапсырылды.