Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

   2020 жылдың 15 маусымында Zoom платформасында облыс колледждері кітапханашыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн отырысы өтті. Отырыс жұмысына облыс колледждерінің 26 кітапханашысы қатысты.Отырыстың күн тәртібіне сәйкес 2019-2020 оқу жылына кітапханашылар облыстық әдістемелік бірлестігі қызметінің қорытындысы шығарылып (кітапханашылардың ОӘБ төрайымы), 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын талқылау және ОӘБ аясында өткізілген іс-шараларға талдау жасалды. Онлайн отырыстың қатысушылары аймақтың колледж кітапханалары қызметінің өзекті мәселелерін талқылай келе, платформа чатында кері байланыс жүргізді.