Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2020 жылдың 12 маусымында Google Meet бағдарламасында облыс колледждері әдіскерлерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн отырысы өтті. Отырысқа облыс колледждерінің 34 әдіскері қатысты. Күн тәртібіне сәйкес келесі сұрақтар қарастырылды: 2019-2020 оқу жылының қорытындысын шығару (әдіскерлер ОӘБ төрайымы), әдіскерлер ОӘБ аясында өткен іс-шараларды талдау, ҚР білім саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және әдіскерлер ОӘБ-нің 2020-2021 оқу жылына арналған жоспарының жобасын талқылау. Колледж әдіскерлері онлайн отырыстың жұмысына белсенді қатысты. Сондай-ақ, әдіскерлермен Google Meet бағдарламасы арқылы кері байланыс жүргізілді.