Жалпытехникалық пәндер облыстық әдістемелік бірлестігінің қорытынды онлайн отырысы
2020 жылдың 26 маусымында Zoom платформасы арқылы жалпытехникалық пәндер оқытушылары облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн отырысы өтті. Отырысқа облыс колледждерінің 20-ға жуық жалпытехникалық пәндер оқытушылары қатысты. Отырыста күн тәртібіне сәйкес келесі сұрақтар қарастырылды: 2019-2020 оқу жылының қорытындысын шығару (ОӘБ төрағасы Жумашев Б.С.), ОӘБ аясында өткен іс-шараларды талдау және ОӘБ-нің 2020-2021 оқу жылына арналған жоспарының жобасын талқылау. Онлайн отырыстың қатысушылары белсенділік танытып платформа чатында кері байланыс жүргізді.