Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бүгін, 2020 жылдың 17 маусымында Zoom платформасы арқылы облыс колледждері педагог-психологтерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн отырысы өтті. Отырысқа облыс колледждерінің 36 педагог-психологі қатысты. Отырыста күн тәртібіне сәйкес келесі сұрақтар қарастырылды: 2019-2020 оқу жылының қорытындысын шығару (ОӘБ төрайымы), педагог-психологтердің ОӘБ аясында өткен іс-шараларды талдау және ОӘБ-нің 2020-2021 оқу жылына арналған жоспарының жобасын талқылау. Қатысушылар онлайн отырыстың жұмысына белсенді қатысып, платформа чатында кері байланыс жүргізді.