Құрылыс пәндері оқытушылары облыстық әдістемелік бірлестіктерінің қорытынды онлайн отырысы
2020 жылдың 12 маусымында Zoom платформасы арқылы облыс колледждері құрылыс пәндері оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн отырысы өтті. Отырысқа облыс колледждерінің 40 жуық оқытушысы қатысты. Күн тәртібіне сәйкес отырыста келесі сұрақтар қарастырылды: 2019-2020 оқу жылының қорытындысын шығару (құрылыс пәндері ОӘБ-нің төрайымы), құрылыс пәндерінің оқытушылары ОӘБ-нің аясында өткен іс-шараларды талдау және ОӘБ-нің 2020-2021 оқу жылына арналған жоспарының жобасын талқылау. Қатысушылар онлайн отырыстың жұмысында белсенділік танытып, платформа чатында кері байланыс жүргізді.