Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2020 жылғы 26 маусымда Zoom платформасында ауылшаруашылық бағытындағы облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн отырысы өтті. Отырыс жұмысына облыс колледждерінің 8 өкілі қатысты. Отырыстың күн тәртібіне сәйкес 2019-2020 оқу жылына ауылшаруашылық бағытындағы облыстық әдістемелік бірлестігі қызметінің қорытындысы, қашықтықтан оқыту кезінде оқытушылардың түсірген бейнесабақтарының нәтижелері шығарылып (ОӘБ төрайымы Кусаинова Г.М.), 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын талқылау және ОӘБ аясында өткізілген іс-шараларға талдау жасалды. Онлайн отырыстың қатысушылары аймақ колледждеріндегі ауылшаруашылық қызметінің өзекті мәселелерін талқылай келе, платформа чатында кері байланыс жүргізді.