Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2020 жылдың 18 маусымында онлайн режимінде Zoom платформасы арқылы  облыс колледждері директорларының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарлары облыстық әдістемелік бірлестігінің қорытынды отырысы өтті. Отырысқа  облыстың 36 колледжі қатысты. Онлайн отырыс барысында 2019-2020 оқу жылындағы ОӘБ жұмысының қорытындысы шығарылды (ОӘБ төрайымы). Сондай-ақ, Worldskills қозғалысының даму перспективасы, «Жас маман» жобасына қатысу, Worldskills стандарттары бойынша демонстрациялық емтихан өткізу, дуальды оқыту мәселелері қозғалды. Сонымен қатар, 2020-2021 оқу жылына арналған ОӘБ жұмыс жоспары талқыланды. Платформа чатында отырысқа қатысушылар кері байланыс жасап, өзекті сұрақтар бойынша толық жауаптар алды.