Педагогикалық бағыттағы облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн режиміндегі қорытынды отырысы
2020 жылдың 19 маусымында онлайн режимінде Zoom платформасында педагогикалық бағыттағы облыстық әдістемелік бірлестігінің қорытынды отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес ОӘБ мүшелерімен келесі сұрақтар қарастырылды: 2019-2020 оқу жылының қорытындысын шығару (ОӘБ төрайымы), педагогикалық бағыттағы ОӘБ аясында өткен іс-шараларды талдау және ОӘБ-нің 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспарының жобасын талқылау. Қатысушылар онлайн отырыстың жұмысына белсенді қатысып, платформа чатында кері байланыс жүргізді.