Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2020 жылдың 24 маусымында онлайн режимінде Zoom платформасы арқылы  облыс колледждері директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары облыстық әдістемелік бірлестігінің қорытынды отырысы өтті. Отырысқа  облыс колледждерінің 32 өкілі қатысты. Онлайн отырысы барысында 2019-2020 оқу жылындағы ОӘБ жұмысының қорытындысы шығарылып (ОӘБ төрайымы- Л.Н. Иванова), атқарылған жұмыстар бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылғаны, алайда, қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты кейбір іс-шаралар кейінге қалдырылғаны жөнінде айтылды. Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар келесі жылға арналған жұмыс жоспары бойынша өз ұсыныстарын берді. Платформа чатында кері байланыс жасап, өзекті сұрақтарға толық жауап алды.