«Тиімді білім беру әдістемелері мен технологияларын пайдалану негізінде болашақ маманның құзыреттілігін қалыптастыру» IV халықаралық ашық білім беру форумы
Ағымдағы жылдың 8 сәуірінде Өскемен жоғары политехникалық колледжінің базасында техникалық және кәсіптік оқыту жүйесінің оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері үшін «Тиімді білім беру әдістемелері мен технологияларын пайдалану негізінде болашақ маманның құзыреттілігін қалыптастыру» IV Халықаралық ашық білім беру форумының жұмысы басталды.
Форумның мақсаты: пікірталастар жүргізу, тәжірибе алмасу, ресейлік және шетелдік білім беру ұйымдарының әріптестерімен серіктестік орнату үшін нетворкинг форматында халықаралық ашық алаң құру.
Форумға қатысушылардың ауқымы жыл санап артып келеді. Осы іс-шараның жұмысына 4 мемлекеттен 16 серіктес колледждердің 61 шеберлік сыныбы көрсетіледі.
Пленарлық отырыс шеңберінде колледж директорларының техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы өзекті («Югра НГК Проф» білім беру-өндірістік орталығын (кластерін) құру туралы», «Дуальды оқыту жүйесі - білікті кадрларды нысаналы даярлаудың тиімді технологиясы», «Ұжымдық - шығармашылық іс болашақ маманның құзыретін қалыптастыруда білім алушылардың қызметін ұйымдастыру нысаны ретінде» және «Оқу-тәрбие процесін басқаруды сапалы құруға мүмкіндік беретін цифрлық технологиялар арқылы колледжішілік бақылауды ұйымдастыру») тақырыптарында баяндамалары тыңдалды.
Алдағы 3 күнде шеберлік сыныптары арқылы озық педагогикалық тәжірибені трансляциялау және форум соңында ғылыми-практикалық конференция өтуі жоспарлануда.