Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2024 жылғы 8 қазанда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы энергетика саласы бойынша кәсіби шеберліктің ІV республикалық конкурсының 1-ші кезеңі онлайн форматта басталды. Ұйымдастырушылар - Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы мен Өскемен жоғары политехникалық колледжі.

Қатысушылар 1-кезеңінің 1-модулі бойынша тестілеу, 2-модуль тапсырмасына сәйкес графикалық сызба құруда. Іріктеуден өткен қатысушылар республикалық конкурстың 2-ші кезеңіне қатыса алады.

Конкурстың 2-ші кезеңі 30 қазан күні Өскемен жоғары политехникалық колледжі базасында офлайн форматта жоспарлануда.

Конкурсқа қатысушыларға сәттілік тілейміз!