Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Биылғы жылы бүкіл республика бойынша жаңа жоба – мектепте және колледжде 10-11 сынып оқушыларын бір мезгілде оқыту бойынша эксперименттік бағдарлама басталады. Бұл жоба "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында іске асырылатын жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сыныптарының білім алушылары үшін жұмыс біліктілігі бойынша эксперименттік білім беру бағдарламаларын енгізу туралы" Оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 25 қарашадағы №478 бұйрығымен бекітілген. Сондай-ақ оқыту жүргізілетін 16 жұмыс біліктілігінің тізбесі айқындалды. Біздің облыста осы экспериментке 4 колледж қатысады: 3 Өскеменде және 1 Күршім ауданында. Олар: Өскемен құрылыс колледжі, "Квансон" Қазақстан-Корей колледжі, Көлік және тіршілік қауіпсіздігі колледжі және "Марқакөл ауылының мектеп-интернат-колледжі".  Жоба 2023-2024 оқу жылынан басталады, бір жарым жылға созылады. Топтар 9-сыныпты бітірген және осы жобаға қатысуға ниет білдірген оқушылардан құралады. Колледжде оқу тегін болады. Оқуға қабылдау әңгімелесу негізінде емтихансыз жүргізіледі. Студенттер құрамына қабылдау кезінде үшжақты шарт жасалады: колледж – мектеп – ата-ана, бұл эксперимент нәтижесі үшін әр тараптың жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Көптеген адамдар, әрине, жүктеме мәселесіне алаңдайды. Сондықтан жалпы оқу жүктемесін реттеу мақсатында - колледжде оқу күніне 4 сағаттан аспайтын уақытта жүзеге асырылады, сондай-ақ бұл балалар үшін жеке білім беру бағдарламасы жасалады. Егер Сізді осы жоба қызықтырса, онда 25 маусымнан бастап тілек білдірушілер құжаттарды тікелей колледжге немесе біздің ақпараттық жүйеміз vko-abiturient.kz арқылы тапсыра алады. Ол үшін 9-сыныпты бітіргені туралы аттестат, 3х4 - 4 фотосурет, 075-нысандағы медициналық анықтама ұсынып, қабылдау туралы өтініш жазу керек. Бұл жобаның үлкен "плюс": оқуды аяқтағаннан кейін балалар қолына екі құжатты алады: мектепте аттестат және колледжде диплом, бұл оларға еңбек жолын бастауға мүмкіндік береді. Бұл эксперимент біздің облыста сәтті жүзеге асырылады деп үміттенеміз. Балалар, Біз сендерді күтеміз! PS: Оқу-ағарту Министрінің бұйрығымен, алгоритмімен және біздің 4 колледж жобасына қатысатын мамандықтар тізімімен – ШҚО білім басқармасының сайтында "Кәсіптік білім" блогында ("Құжаттар"бөлімі) танысуға болады.

https://cloud.mail.ru/stock/8fNFnK4t1LRhiY7wcDnacQF4