Әкімнің гранты – жоғары білім алудың кепілі
Кадрлар бәрін шешеді – бұл белгілі шындық! Ал жоғары білікті кадрлар-еліміздің өркендеуінің кепілі екені сөзсіз! Аймақта өңірдің еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, сұранысқа ие мамандарды даярлауға ерекше назар аударылады, осылайша, 6 жыл бойы облыс әкімі Даниал Ахметовтың бастамасымен «Білікті маман» жобасы айтарлықтай өз нәтижесін беруде. Жобаның артықшылығы неде? Ең алдымен, жастардың жоғары білімге қол жетімділігі едәуір кеңейтілді, осы жоба арқасында жастарымыздың елден тыс жерлерге кетуі 1800 адамнан 298 адамға дейін төмендеді және ең бастысы, жұмысқа орналастырылған адамдардың үлесі жоба шеңберінде оқуды аяқтаған 569 түлектің 77%-ға дейін ұлғайды. Сонымен бірге, жобаны іске асыру кезеңінде жергілікті бюджеттен 2306 білім гранты бөлінгенін атап өткен жөн. Ағымдағы жылы 270 білім беру гранты білім беру, медицина, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерия, құрылыс және ауыл шаруашылығы сияқты өңірге қатысты мамандықтарға бағытталатын болады. Конкурстың әлеуетті қатысушылары үшін білім беру грантын алу үшін өтініштер қабылдау ағымдағы жылдың 5-10 тамыз аралығында жүзеге асырылатынын хабарлағымыз келеді. Жоғары оқу орындарының бейнебайланысы арқылы виртуалды қабылдау комиссиялары мен консультативтік көмек шалғай өңірлерден келген талапкерлерге өтініш беруге көмектеседі. Мемлекеттің басымдығы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға жоғары білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету екені даусыз. Осы мақсаттар үшін бірқатар санаттар үшін квоталар белгіленді – бұл бірінші немесе екінші топтағы мүгедек адамдар, бала кезінен мүгедек адамдар; жеңілдіктері бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер; ауыл жастары; ҚР азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар; жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; ҚР Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ауыл жастары; үш жыл бойы толық емес мәртебесі бар және көп балалы отбасылардан шыққан балалар. Өтінішке квотаны растайтын құжаттарды қоса тіркеу міндетті шарт болып табылады.
Білім беру грантының иегері болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
Кездикбаева Лазат Токтарбековна, ШҚО Кәсіптік білім беру орталығы директорының міндетін атқарушы.
Байланыс телефоны 87055494564