Әкім гранты бойынша оқуға түсу үшін құжаттарды қашан және қалай тапсыруға болады?
Енді кез келген адам ЖОО-на тегін оқуға түсу мүмкіндігін пайдалана алады! Бұл үшін не қажет? ҰБТ бойынша қажетті балл санын жинау, бар болса, басым құқықты көрсете отырып, конкурсқа уақтылы өтінім беру қажет! Аймақта өңірдің еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, сұранысқа ие мамандарды даярлауға ерекше назар аударылады, осылайша, 6 жыл бойы облыс әкімінің бастамасымен «Білікті маман» жобасы айтарлықтай өз нәтижесін беруде. Жобаны іске асыру кезеңінде жергілікті бюджеттен 2306 білім гранты бөлінгенін атап өткен жөн. Ағымдағы жылы 270 білім беру гранты білім беру, медицина, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерия, құрылыс және ауыл шаруашылығы сияқты өңірге қатысты мамандықтарға бағытталып отыр. Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін өтініштер 13 – 20 шілде аралығында, ал жергілікті бюджет қаражаты есебінен - ағымдағы жылдың 5-10 тамыз аралығында қабылданады. Талапкердің қолында аттестат пен ҰБТ сертификаты болғаннан кейін құжаттардың толық тізімін жинауға болады. Қажетті құжаттар тізімі: өтініш, білім туралы құжат (аттестат немесе диплом қосымшасымен) - тұпнұскасы; жеке куәлiк көшірмесі; 075/У үлгісіндегі медициналық анықтама; тестiлеу нәтижелерi бар сертификат; 3*4 фотосурет - 4 дана. Өтінішке квотаны растайтын құжаттарды қоса тіркеу міндетті шарт болып табылады.
Білім беру грантының иегері болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
Байланыс телефоны 87055494564 - Шығыс Қазақстан облысы кәсіптік білім беру орталығы директорының м.а. Кездикбаева Лазат Токтарбекқызы