«Колледждің психологиялық қызметінің білім беру процесінің тиімділігіне қосқан үлесі. Педагог-психолог жұмысындағы ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың маңыздылығы»
Ағымдағы жылдың 31 қазанында педагог-психологтар облыстық әдістемелік бірлестігінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес Өскемен жоғары медициналық колледжі базасында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі ұйымдарының педагог-психологтарының қатысуымен «Колледждің психологиялық қызметінің білім беру процесінің тиімділігіне қосқан үлесі. Педагог-психолог жұмысындағы ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың маңыздылығы» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Колледж педагог-психологтарының студенттермен жұмыс жөніндегі кәсіби қызметі шеңберінде тәжірибе алмасу, танысу және білім мазмұнын жаңарту бағдарламасын жүзеге асыруда инновациялық тәжірибелермен алмасу жағдайларын жасау, біліктілікті арттырудың жаңа моделі жағдайында психологиялық қызметті жетілдіру, сапалы білім беруге қол жеткізуде заманауи білім беру технологияларын дамыту мақсатында ұйымдастырылған конференцияда өзекті мәселелер қозғалды.
Аталған конференцияға «Колледждің психологиялық қызметі», «Адам және қоғам», «Психология салалары», «Психология және ақпараттық технологиялар» атты 4 бағыт бойынша 19 педагог-психолог өтінім берді.
Конференция барысында Рыспаева Г.Б., Рамазанова А.К., Асылбеков Н.С., Жакашев Р.М., Даутова М.Т., Манжуева А.Ж., Егоркина Ю.Н. баяндамалары тыңдаушыларға ой салды.
Конференцияға қатысқан барлық педагог-психологтарға сертификаттар табысталды.